ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда күйеу баласы оқ атып, жаралаған ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 66 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханада 24 мамыр күні түнгі сағат 01.00-де қайтты.
Оған ауруханаға түскен бойда алты сағатқа созылған ота жасалған болатын. Одан кейін екінші ота өткен аптада жасалды.
Еске сала кетейік, күйеу баласы оқ атқан оралдықтың жағдайы ауыр екендігін бұдан бұрын жазған болатынбыз. Ол әуелі енесін атып өлтірген еді.
Қазіргі кезде екі айға қамалған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).