ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі күйші-композитор, Қазақстан халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің «Тырналар» атты кітабының таныстырылымы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Т.Шәмелов - елге күйшілігімен қоса әндерімен де танымал өнерпаз. Әсіресе, оның «Тырналар» әні кезінде кеңінен таралды. Осы аттас кітабына автордың бұрынғы туындыларымен қоса жаңа шығармалары енгізілген. Олардың ішінде батысқазақстандық ақындардың сөздеріне жазылған әндер де бар.
Кітаптың тұсаукесер кешінде композитор алдағы жоспарларымен бөлісіп, белсенді оқырмандарға қолтаңбасын қалдырды. Шара барысында Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртістері де өнер көрсетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).