«Еске салайық, бұған дейін департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобын анықтаған болатын.
Сот үкімімен олар қылмыстық жауапқа тартылды, ал тәркіленген темекі жойылды», - делінген ҚР ҚМА мәліметінде.
Сондай-ақ тағы бір іс бойынша сот заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген темекілерді (DataMatrix-і бар) сату туралы ҚМА БҚО бойынша департаментінің өтінішін қанағаттандырды.
«Сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды», - делінген баспасөз баянында.