Көпірді бетке алып Еуразия даңғылымен келе жатқан Toyota Land Cruiser автомобилі «Батыс Қазақстан РЭК» АҚ маңына жеткенде жас қызды басып кетеді. Қыз оқиға орнында жан тәсілім еткен. Жол апаты туралы толық мәлімет әзірге жоқ.
Бір белгілі жайт мынау, қыздың денесі машинадан бірнеше метр жерде жатқан. Полиция апат себептерін тексеріп жатыр.