ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Lexus 25 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 сәуір күні таңмен «Нан зауыты» аялдамасы маңында болды.
1964 жылғы жүргізуші Lexus автокөлігімен 1995 жылы желтоқсанда туған қызды қағып кетті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем бригадасы сағат 08.59-да жетті.
Қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аурухана мәліметіне қарағанда, басынан жарақат алған қыздың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан кейін 2 кішкентай қыз баланың ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).