ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда тұрғын үйде өрт болып, 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, сағат 17.33-те Достық даңғылы 226-үйдің лифт шахтасынан қоқыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Аумағы 15 шаршы метрді қамтыған өрттің сағат 18.02-де беті қайтып, 18.39-да толықтай сөндірілген. Оған департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен 10 адам, 3 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнынан 5 адам құтқарылса, соның төртеуі - балалар. 50 адам шығарылған, соның 15-і - балалар.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт отпен абай болмаудан шыққан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).