Самбодан қыздар арасында БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы, жарыстың бас хатшысы Альмира Исатаеваның айтуынша, биыл үшінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге Орал мен БҚО-ның барлық аудандарымен қоса Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан және Ресейдің Орынбор облысы Соль-Илецк ауданынан барлығы 250 жас палуан қатысып, бақ сынады.
Жарыс қорытындысында қыздар арасында салмақ дәрежелеріне қарай Элеонора Анарбек (34 кг, Орал, спортинтернат), Әсем Берікқызы (37 кг, Алматы облысы), Шахноза Кошанова (40 кг, Орынбор облысы, Соль-Илецк), Майраш Жалғасбаева (43 кг, Орал, №4 БЖСМ), Индира Егізбай (47 кг, БҚО, Теректі ауданы), Аяулым Төкенова (51 кг, ШҚО), Айдана Жарболова (55 кг, Алматы облысы), Зарина Оңғарбаева (59 кг, БҚО, Теректі ауданы), Эльнара Биғалиева (65 кг, БҚО, Зеленов ауданы), Көркем Сағындықова ( 65 кг, Маңғыстау) чемпион атанды.
Ұлдардан Азат Амансүгіров (35 кг, БҚО, Сырым ауданы), Қазбек Аңсаған (38 кг, Атырау облысы), Айбар Асқаров (42 кг, Орал, жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі), Ділмұхамед Сүйініш (46 кг, Астана), Санжар Қызайбел (50 кг, Алматы облысы), Нұрсұлтан Зайзағалиев (54 кг, Орал, спорт интернаты), Тайман Нұрғалиев (59 кг, спорт интернаты), Әли Ізбасар (65 кг, Сырым ауданы), Әлихан Әділов (71 кг, ШҚО), Денис Крашанинин ( 71 кг, спорт интернаты) топ жарды.
«Мейрамгүл Қанатқызының өмірі қысқа болса да, ел намысын абыроймен қорғап, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып үлгерді. Дертке шалдығып, 2011 жылы 16 желтоқсанда небәрі 25 жасында өмірден озған Мейрамгүл көркіне ақылы сай, өте қарапайым еді. Тірі болса, талай белесті бағындырары анық еді», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне кезінде өзі де күресіп, самбодан әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған А.Исатаева.