ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында полиция қызметкерлері тапаншамен жүрген мас жүргізушіні ұстады.
Фото: БҚО ПД
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам екінші жүргізушіге сигналдық тапаншамен қауіп төндірген.
Фото: БҚО ПД
Жанжал жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан туындаған. Жүргізушілердің бірі қаруды алып, екіншісіне кезеген. Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады.
— Жүргізуші мас күйінде бой тасалауға тырысты. Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, Зачаган кентінде күдіктінің көлігін қуып жетіп, тез арада тоқтатты. Көліктен сигналдық қару табылды. Жүргізушіге қатысты қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды және бірнеше бап бойынша әкімшілік өндіріс басталды, — деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО ПД
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сотқа құрметсіздік танытқан полиция қызметкерінің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, күтімсіз жолдан зардап шеккен Орал тұрғыны залалды әкімдіктен өндірді.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).