ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері автокөлікті мас күйінде айдаған 278 жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол ережесін өрескел бұзған олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес жазаланды. Соның ішінде 12-сі қамауға алынса, 266 жүргізуші 3 жылдан 5 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, автокөлік руліне мас күйінде отырғандардың жол-көлік оқиғасын жасап, өзгелердің өміріне қауіп төндіретіні жасырын емес.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).