ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам мас күйінде полиция қызметкерін пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 наурыз күні болды.
Сағат 02.53-те жергілікті әйел мас күйеуінің бұзақылық жасап жатқанын 102 телефонына хабарлаған.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев жеткен. 1983 жылғы ер адамды ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, асүй пышағымен полиция қызметкерінің иық тұсынан жарақаттаған. Соған қарамастан, қолға түскен ер адам сараптама қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі мас болған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігіне (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кісі тонап, 44,5 млн астам теңгені жымқырып кеткендер ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).