ОРАЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - 3 қазан күні кешкісін Мәскеу қаласының 49 жасар тұрғыны Оралдағы М.Шолохов көшесі бойында «Алтын» дүкені тұсында тұрған «Скания» автокөлігінен құжаттар мен 40 мың теңге ақша салынған сөмкесін екі адамның ашықтан-ашық ұрлап кеткендігін хабарлаған.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Боран-6» түнгі іздеу тобы қылмыстың ізін суытпай, қалаға іргелес Мичурин кентінің 27 және 28 жасар тұрғындарының кісі тонағандығын анықтады. Бұлардың біреуі қолға түсіп, одан құжаттары мен сөмке алынды. Ақша екінші тонаушының қолында кеткен, ол іздестірілу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).