ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов маусымның 1-інде өңірге танымал журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Чесноковты қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал педагогикалық институтында оқыған Н.Чесноков Ұлы Отан соғысына қатысып, Екінші Прибалтика майданында жаумен шайқасты. Елге оралғаннан кейін білімін тәмамдап, облыстық комсомол комитетінде қызмет етті. 1950-1960 жылдары облыстық радиокомитеттің төрағасы, кейін облыстық «Приуралье» газеті редакторының орынбасары сынды қызметтерді атқарды. Ол Орал қаласының тарихы жөнінде арнайы кітап жазды. Өлкетану тақырыбына жазылған басқа да еңбектері баршылық.
Ардагерді әріптестері атынан «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Шыңғыс Мұқан құттықтап, сыйлық табыс етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).