Оралда мектеп жанында балабақша ашылды
12:25, 02 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №45 орта мектеп жанында балабақша ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Балабақшаға жаңа жылдың бастапқы күндері-ақ 90 бүлдіршін орналаспақ. Бұрын интернат болып, бос тұрған ғимарат балабақшаға лайықталып, қайта ашылып отыр. Өткен жылы аудандарды айтпағанда, қаланың өзінде мектепке дейінгі 7 мекеме іске қосылды. Балабақшалар жаңа жылда да салынатын болады.