ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 шілде күні шамамен сағат 14.50-де уақытша жұмыс жасамайтын, Ақсай қаласында тұратын 1991 жылғы Р. деген жүргізуші «Форд Фокус» автокөлігімен Оралда Алмазов пен Меңдәлиев көшелерінің қиылысында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде аға офицер болып қызмет ететін 1985 жылғы К. айдап келе жатқан «Шкода Рапид» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан оң иығынан жарақат алған К. қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қарағаннан кейін ол үйіне жіберілген. Жол апатынан көліктерге материалдық шығын келтірілген.
Еске сала кетейік, кеше кешкісін полиция қызметкері көлігімен велосипед мінген баланы қағып кеткен болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).