Оралда мемлекеттік қызметшілер арасында қысқы спартакиада басталды
14:44, 03 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ақпанның 3-інде мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық ІІ қысқы спартакиада басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс аудандары мен қаладан қатысатын спортшылар допты хоккей, шорт-трек, қысқы президенттік көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шайбалы хоккейден сынға түседі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиада ақпанның 5-інде мәреге жетпек.