ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ақпанның 3-інде мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық ІІ қысқы спартакиада басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс аудандары мен қаладан қатысатын спортшылар допты хоккей, шорт-трек, қысқы президенттік көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шайбалы хоккейден сынға түседі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиада ақпанның 5-інде мәреге жетпек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).