Оралда мейрамхана өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Дорожный» мейрамханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысыТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиғабүгін сағат 09.35-те Ә.Молдағұлова көшесіндегі 2-ғимаратта орын алды.

Бір қабаттығимараттың (жалпы ауданы – 360 шаршы метр) жапсарлас бөлігінде, яғни моншасындаағаш жақтаулар жанған. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.

Өрт сағат сағат 10.09-даоқшауланып, 10.42-де сөндірілді.

Тілсіз жаудыауыздықтауға 13 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Оқиғадан ешкім зардапшекпеді.

Қазіргікезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.