Оқиға бүгін түнде Шаған өзенінен өтетін көпір, «Динамо» спорт базасы маңында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 02.32-де қоңырау шалынды. 1979 жылғы ер адам үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Сондай-ақ жол оқиғасынан 1987 жылғы әйел адам зардап шекті.
Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми және іш жарақатын алып, миы шайқалған ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
11:53, 16 Шілде 2018
Оралда мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.