ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан Әлем кубогінің кезекті сайысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жарыс шілденің 6-сында басталып, екі күнге созылмақ. Оған әлемнің он елінен жүз елудей самбошы қатысады деп күтілуде. Қазақстан намысын қорғаушылар арасында батысқазақстандық спортшылар да бар. Әсіресе, ересектер арасында самбодан әлем, Азия чемпионы Ерболат Байбатыровтан күтер үміт мол.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).