Оралда нашақор автокөлікті айдап кетті
13:33, 11 Сәуір 2012
ОРАЛ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - 9 сәуір күні Орал қаласындағы Х.Есенжанов көшесінен белгісіз біреу «Фольксваген Гольф-3» автокөлігін айдап кеткен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөліктің 50 жасар иесі сол бойда полицияға хабарлаған. Жол полициясы дербес батальонының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Есірткі құралдарын пайдаланушы ретінде есепте тұрған Орал қаласының 30 жасар тұрғыны ұсталды.
Автокөлік иесіне қайтарылды.