ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда немересі өз әжесінің 1 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1992 жылғы тұрғын бұрын да істі болған.
Ол 1951 жылғы өз әжесін коммуналдық және басқа төлемдерді төлеу үшін телефонына банктің мобильдік қосымшасын орнатуға көндірген. Содан кейін зейнеткердің банктік шотына кіруге мүмкіндік алып, ақшаны өзінің есепшотына аударып алған.
1 миллиондай теңгесінен айырылған әйел полицияға жүгінген кезде қаржыны өз немересінің ұрлағаны анықталды.
Қазіргі кезде ұсталған жас жігітке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ақшаны қайтару мүмкін болмады. Оны күдікті бірнеше күннің ішінде жұмсап үлгерген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).