Оралда несие алмақ болған алты тұрғын 6 млн теңгесінен айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда алаяқ әйел алты тұрғынды 6 млн астам теңгесін алдап алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде алты эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ж. есімді әйел 2019 жылдың тамызынан бастап Инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы несие рәсімдеймін деген желеумен Орал қаласы аумағында тұрғындарды алдап келген. Оның тағы қанша адамды алдағаны тергеу барысында анықталатын болады.

Алаяқтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда Қызылорда облысы тұрғынының жерлесін пышақтап тастағанын жазған болатынбыз.