16:09, 26 Ақпан 2009
Оралда «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай жас ақындар мүшайрасы өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай облыстық жас ақындар мүшайрасы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Барлығы отыз үміткер қатысқан жыр бәсекесінде аталмыш университеттің төртінші курс студенті Мұрадым Мирланов бас жүлдені иеленсе, бірінші жүлдені осы оқу орнынан Талғат Мықи мен Мейрамбек Сұлтанов бөлісті. Сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тағы бір студенті Ақтоты Садырова ? екінші, Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінен Санат Сұпығалиев үшінші орынды еншіледі.