ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Нұр Отаннан» қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер іріктелді.
Осындай іріктеу жиналысы - №6 сайлау округі бойынша №15 көмекші мектеп-интернатта өткізілді. Шара мақсаты - беделді партия мүшелерін демократиялық жолмен анықтау. Жиында партия мүшелері №6 сайлау округінен депутаттыққа үміткерлер Абат Шыныбеков пен Жанболат Өтеповтің бағдарламасымен танысып, сол жерде таратылған бюллетень арқылы дауыс берді. Дауыс беру қорытындысында 66 қатысушының 44-і Абат Шыныбековті жақтап дауыс берді.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбековтің айтуынша, қаланың 20 сайлау округінде үміткерлер анықталды. Енді олардың кандидатурасы бюро отырысында, кейін орталық аппаратта бекітіліп, сайлау додасына түсетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).