ОРАЛ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда облыс суретшілерінің «Жазира Жайық» атты альбомы шықты.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өнер» қоғамдық қорының президенті Қуандық Мәдірдің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, альбомға тұңғыш рет 48 суретшінің жұмысы енгізілген. Мың данамен басылып шыққан туындының алғысөзін облыс әкімі, өнер жанашыры Бақтықожа Ізмұхамбетов жазса, суретшілердің жұмысын сараптап, дайындаған Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбек.
Альбомның тұсаукесері облыстық қазақ драма театрында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Жазира Жайық» облыстық сурет көрмесінде өткізілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).