ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 14:57-де БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пунктіне облыстық аурухананың №2 корпусында томография кабинетінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» сағат 15.17-де ауыздықтаған. Өрт 15.27-де толықтай сөндірілген.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).