ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында оқ жарақатын алған полиция қызметкері қайтыс болды.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды.
Оқиға 24 маусым күні БҚО Полиция департаментінің бақылау-өткізу пункті ғимаратында болған еді. Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған болатын.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда оқ жарақатын алған полиция қызметкерінің жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).