ОРАЛ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионда БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға мыңға жуық адам қатысып, 400, 500, 600, 1000 және 2400 метр қашықтықтарда сынға түсті. «Әкем, анам және мен» атты бағдарлама бойынша жарысқа түскендер арасынан Усачев, Шкоков, Сүйіндіковтер отбасы үздік шықса, мүмкіндігі шектеулі жандар ішінен Гүлмира Батпақұлова, Айнұр Жақсылық, Сергей Карасуков, Павел Кочережкиндер дараланды. Басқа да жеңімпаз-жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).