ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Орал қаласында бұрынғы «Металлист» зауыты ауданында сағат 18.30-да 2000 жылғы ер баланың Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті.
БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағынан түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесі бүгін таңертең судан шығарылды.
Айта кетейік, осыған дейін өңірде сегіз адам суға кетсе, соның біреуі бала болатын. Енді оның қатарына тағы бір жасөспірім қосылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).