ОРАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 3-інде облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ноғаев өңірдің белсенді әйелдерін қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Н.Ноғаев оларды Елбасы атынан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, көктем мерекесіне орай ізгі тілегін білдірді. Келушілер арасында өңірге танымал еңбек ардагерлері Мағруфа Батықова, Роза Көжекова, садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бейжің олимпиадасында бақ сынаған Анастасия Баннова болды. Олардың бәріне де ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).