Оралда өңірге танымал дәрігердің 70 жылдығы атап өтілді
16:03, 24 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР еңбек сіңірген дәрігері, республика денсаулық сақтау ісінің үздігі Бақтығали Ахметов 70 жасқа толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірге танымал дәрігердің мерейтойы атап өтіліп, оны облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен және басқалар құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1964 жылы бітірген Б.Ахметов еңбек жолын Қазталов ауданында бастап, кейін Жымпиты, Камен (қазіргі Сырым, Тасқала) аудандық ауруханаларының бас дәрігері, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Ал 1981-1996 жылдары облыстың денсаулық сақтау саласын басқарып, ерекше еңбек сіңірді. 1996 жылдан бері облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығының директоры ретінде салаға өз үлесін қосып келеді. Ол ? облыстағы тәжірибелі де білікті дәрігер-басшының бірі.