ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өмірден ерте кеткен белгілі балуан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан халықаралық турнир мәреге жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі жарыста батысқазақстандық дзюдошылар да жүлделі орындарға ілікті. Атап айтқанда, 42 келіде Сұлтанбек Мәжитов чемпион атанса, Ерлан Оңалов екінші орынды иеленді. Сондай-ақ 50 келіде Тоқтар Үмітәлиев бірінші, Мансұр Қуанышев екінші, 55 келіде Замир Ермекқалиев бірінші, Қазбек Жолдасқалиев екінші, 60 келіде Әділбек Сейсов үшінші, 66 келіде Саят Сейталиев бірінші, 73 келіде Бейбіт Мәдиев бірінші, Теміржан Құдабаев үшінші орынды еншіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).