ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 11.31-де Ташкент көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды.
Верандада газдың шығып кетуі салдарынан өрт болған. Ішінара моншаның да төбесі жанған.
Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды.
Верандадан ТЖ қызметкерлері газ баллонын алып шықты.
«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (18 адам, 7 техника) сағат 12.57-де ауыздықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт газ жабдығын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамаудан шыққан.
Өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм 15 жаста болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда газ жарылысынан күйік шалған үш адамның біреуі көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).