ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өртке байланысты екі үйден 90 адам шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне кеше сағат 11.16-да А.Тайманов көшесі 221-мекенжайында орналасқан 9 қабатты жатақханада жану оқиғасы болып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Оқиға орнына 4 техника, жеке құрамнан 15 адам жеткен кезде бірінші қабаттағы лифт құдығында (шахта) тұрмыстық қалдықтар жанып жатқаны (3 шаршы метр) анықталды.
Қатты түтінге байланысты жоғары қабаттардан 70 адам шығарылса, соның 15-і - балалар.
Сондай-ақ бүгін сағат 05.08-де Д.Қонаев атындағы шағынаудан, 5-үй, №3 кіреберістегі жертөледе аумағы 10 шаршы метрді қамтыған құрылыс материалдары жанған. Мұнда барлығы 20 адам шығарылса, соның 8-і - балалар.
Өрт 5 техника, 16 адамның қатысуымен сағат 05.58-де ауыздықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).