Оралда орталық басшысы 11,5 млн теңге жымқырған

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылық директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, орталық басшысы электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеген.

- Осылайша күдікті 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Айыпталушы сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазды Антикордан.

Айта кетейік, БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі сыйақысы берілмегені анықталды.