Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, орталық басшысы электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеген.
- Осылайша күдікті 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.
Айыпталушы сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазды Антикордан.
Айта кетейік, БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі сыйақысы берілмегені анықталды.