Оралда өртенген саяжайдан әйел мен еркектің мүрдесі табылды
09:54, 17 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Оралда «Шиелі бақ» саяжай серіктестігінің аумағында үй өртенді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан бір әйел мен еркектің денесі табылған. Олардың аты-жөндері белгісіз. Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.