Оралда осы заманғы қонақүй салу көзделуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында осы заманғы қонақүй салу көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, инвесторлардың өңірлік кеңесінің отырысында шаһарда бес жұлдызды қонақүй кешені құрылысының жобасы қаралған. Мұны италиялық инвестор өз қаржысына тұрғызғысы келеді. Сәулеттік тұжырымдамасын да жетекші италиялық дизайнер жасаған.

«Елбасы өңірлерге инвестиция тарту қажеттігі жөнінде бірнеше мәрте атап көрсеткен болатын. Сондықтан біз бұл жобаны қолдап, жүзеге асырушыларға көмектесеміз. Жалпы, Оралға кемінде үш қазіргі заманғы қонақүй қажет», деді өңір басшысы.