Оралда өткізілген спорт жарыстарына облыс басшысы да қатысты

None
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күресі, көңілді старттар, шағын футбол, жеңіл атлетика, дойбы, шахмат, волейбол, күрес түрлері, дартс және қол добынан жарыстар өткізілді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш шара Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес қалың бұқараны спортқа көбірек тарту мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстар қала алаңдары мен мәдениет және демалыс саябағында өтіп, оған екі мыңнан астам адам қатысты.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те теннис ойнап, гір тасын көтеріп, спорттық іс-шаралардың ортасынан табылды.

Мұндай шаралар енді аптаның әр бейсенбісі сайын ұйымдастырылып тұрмақ.