Оралда отырып ойнайтын волейболдан ҚР чемпионатының үшінші туры мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Арман» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында отырып ойнайтын волейболдан ҚР чемпионатының үшінші туры мәреге жетті.


 
Жарыс қорытындысында Атырау облысының командасы жеңімпаз атанса, қызылордалықтар екінші, маңғыстаулықтар үшінші орынды иеленді. БҚО құрамасы тоғыз команданың ішінен жетінші орынға тұрақтады.
 

Мүгедектер спорты бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ерназар Бексұлтановтың айтуынша, енді біріншілік қорытындысына сәйкес ҚР ұлттық құрамасы жасақталатын болады. Одан кейін ұлттық құрама дайындалып, халықаралық жарыстарға қатысады.