ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.
Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).