ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 12 сәуір күнгі үкімімен Тілек Химетденов ҚР ҚК 106-бабы 3-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Т.Химетденов өткен жылы 24 мамырда өзімен бірге жұмыс жасаған Ф.Төлегеновпен арақ ішу барысында сөзге келген. Оның соңы төбелеске ұласып, сотталушы Ф.Төлегеновтің басынан және басқа жерлерінен көптеген соққы жасаған. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).