ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында өзінің пәтерінен әйел адамның мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 сәуір күні болды.
«Қазіргі кезде аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм әйел мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласының орталығында ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).