ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында пәтерден 5 млн теңге жымқырған ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ұрылар Х.Доспанова көшесіндегі пәтерге терезе арқылы кірген.
Содан кейін 1982 жылғы азаматқа тиесілі қаржыны үптеп кеткен. Келтірілген залал көлемі – 5 млн теңге.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде ұрылар қолға түсті. Олардың дені басқа өңірлерден келген болып шықты. 1990 жылғы Ж. деген күдікті Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болса, 1986 жылғы Е. Түркістаннан келген. 1971 жылғы И. елорданікі болса, 1982 жылғы Д. – Орал қаласының тұрғыны.
«Ұрланған қаражат тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын полицейге пара бермек болған Орал тұрғыны ұсталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).