ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пәтерлердің бірінен әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 қазан күні Х.Чурин көшесі 162-үйде орын алды.
Сағат 11.24-те 39-пәтердің есігі кілттеніп қалып, ашылмай жатқаны жөнінде хабар түскен.
Департаменттің жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника барып, есікті ашқан кезде пәтерден 1962 жылғы әйелдің мүрдесі табылды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).