Оралда «полицейлер» зейнеткердің ақшасын қолды етті

None
ОРАЛ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 7 сәуір күні Орал қаласының 78 жастағы әйел тұрғыны алаяқтарға 100 мың теңгесін беріп жіберген.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырған алаяқтар әйелге ұлының атыс қаруымен ұсталып қалғанын айтқан. «Полицейлер» жәбірленушіге криминалистерде есепте тұрған адамдардың суретін көрсеткен.

Әйел ақшаны алып кетуге келген жас жігітті есіне түсірді.

Қазіргі кезде бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны іздестірілуде.

Соңғы кезде өңірде телефон арқылы алаяқтық жасаушылар көбейіп отыр.