Кешкі сағат 21.05 шамасында департаменттің жол-патрульдік батальоны патрульдік автокөлігінің экипажы «Орал-Саратов» жолы бойында «Конденсат» жанар-жағармай құю стансасына қарсы бетте «Равон Р» автокөлігінің жылдамдықты шектен тыс арттырғанын байқайды. Тоқтау жөніндегі белгіге қарамастан, аталған көліктің жүргізушісі Пятимар көшесімен сытылып кетпек болады. Полиция көлігі оның артынан қуа жөнеледі.
Сламихин көшесімен қуып келе жатқан мезгілде жолдың кедір-бұдыры салдарынан полицияның «Шкода Октавия» көлігінің алдыңғы сол жақ доңғалағының желі шығып кетіп, машина жеке үйдің темір қоршауына барып соғылады.
Дегенмен жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде 1987 жылғы А деген жүргізуші жүргізген «Равон Р4» көлігі Тарғын көшесінде тоқтатылды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші автокөлікті мас күйінде жүргізген болып шықты.
Аталған оқиға бойынша А-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөлігі (көлікті мас күйінде айдау), 613-бабы 1-бөлігі (тоқтау жөніндегі заңды талапты орындамау) және 592-бабы 3-бөлігіне (жылдамдықты шектен тыс арттыру) сәйкес үш әкімшілік іс қозғалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
«Жеке үйдің иесіне келтірілген материалдық шығынның орны толтырылды. Полиция қызметкерлеріне қатысты одан шағым түскен жоқ. Зардап шеккендер жоқ», деді БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин.
14:40, 05 Маусым 2018
Оралда полиция көлігі тәртіп бұзушыны қуамын деп, қоршауды қақты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полиция көлігі тәртіп бұзушыны қуамын деп, жеке үйдің қоршауын қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 мамыр күні орын алды.