ОРАЛ. ҚазАқпарат –Оралда полиция қызметкері мас күйінде қызметтік көлігімен бағанға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 15 тамыз күнісағат 02.40 шамасында Сырым Датұлы көшесі бойында«Мечта» сауда үйі маңында орын алды.
Полиция қызмекткері«Нива» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жарық бағанына соғылған.
Жолапатынан ешкім зардап шекпеген.
БҚО полициядепартаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерінің мас күйінде болғанын,қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Алынған шараларжөнінде қосымша хабарланатын болады», деді департаменттің баспасөз қызметінен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).