ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында пойыз жасөспірім қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 8 қыркүйек күні Орал-Желаев аралығында болды.
Пойыз қағып кеткен 2007 жылғы қыз оқиға орнында жан тапсырды.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.
«Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «Шаран» автокөлігі 4 жылқыға соғылып, 5 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).