ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайы - балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Президент күніне орай бірнеше шара ұйымдастырылды.
Алдымен ашық сабақтар мен үздік суреттер мен қабырға газеттері байқауы ұйымдастырылса, одан кейін шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан жарыс өткізілді. Онда мектеп басшысы Есқабыл Жалмұрзиев ұжымды мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Шорт-тректен ересектер арасында Дархан Жасұланов, Гүлнұр Ғалиева жеңімпаз атанса, орта жастағы жасөспірімдерден Айбек Қадыров пен Александра Суменкова, кіші жастағылардан Әділ Қырымгереев, Юлия Пархоменко, Әлішер Әбілқатимов, Балнұр Жағыпарова алдан көрінді. Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының негізін батысқазақстандықтар құрайтынын ескерсек, мектеп түлектерінің биік белестерден көрінуіне мүмкіндіктері мол.
Мәнерлеп сырғанаудан да үздік шыққандар мақтау грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).